Сегодня: 2024
Для слабовидящих
USD 448.15
EUR 483.46
RUB 4.86

Абай ауданының тарихы


Абай қаласының тарихы Қарағанды көмір бассейнінің тарихымен тығыз байланысты. Бүгінде қала орналасқан жерде ондаған жылдар бұрын қу медиен дала болған. 1950 жылы болашақта 160 мың адам түратын Шерубайнұра қаласының жобасы әзірленді. Оны Шерубайнұра көмір бассейінің оңтүстік бөлігіндегң алаңға орналастыру жоспарланды. Қаланы дамыған көмір өнеркәсібі кәсіпорындарына жақын жерге тиімді оның жарқын болашағы туралы болжауға негіз болды. Қаладағы Абай Құнанбаев мұражайында кентің алғашқы әлеуметтік объектілерінің бірегей материалдары қойылған. 1949 жылы бастауыш мектеп жұмыс істей бастады. 1950 жылы Темір жол көшесіндегі № 1 үйде алғашқы дүкен, № 56 үйде алғашқы дәріхана ашылды. Бірінші Школьная орымандағы медпункт жұмыс істеді.

Школьная көшесіндегі № 22 үй шағын ауруханаға лайықталып жарақталды. Поштадаа осы көшеде ашылды. Кент құрылысын салуға келген жұмысшылар бір бөлмеге бірнеше адамнан жайғастырылды. Мәселен, Темір жол көшесіндегі № 33 және 35 үйлердің бір жағында ҚБ-5 және ҚБ-3 кеңселері орналасса, екінші жағында жұмысшылар жатақханасы болды.

 

Шерубайнұра көмір кен орнын игерудің алғашқы жылдарында Қараған, Қызыл, Вольный, Новодолинка елді мекендері пайда болды. Олар шахта жанындағы қоныстар ретінде дами бастады. Кенттерде ағаштан және балшықтан құйылған кірпіштен жоспарсыз, негізінен жеке құрылысшылар салған бір қабатты үйлер бой көтерді. Қараған кенті Солтүстік Қараған, Жаңа Қараған, Оңтүстік Қараған деген үш тұрғын мекеннен құралды. Кенттер Абай қаласынан оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай, «Топар» шахтасына іргелес орын тепті.

Қарағанды облысы Шахтинск ауданының Шерубайнұра елді мекені тез өсті, сөйтіп 1954 жылғы 2 желтоқсанда жұмысшы кенті мәртебесін алды. 1954 жылы желтоқсанның соңында Саран қаласының құрылуына байланысты Шерубайнұра кенті сонң әкімшілік қарамағына берілді.

 

Кент бірте-бірте Қарағанды көмір бассейні батыс учаскесінің еңбекшілерін қоңыстандыру орталығына айналды. Онда жергілікті өнер-кәсіп кәсіпорындары пайда болды, көлік көбейді. 1961 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 15 тамызда Жарлығымен бұрын Саран қаласына қараған Шерубайнұра, Топар, Қарабас, Қараған, Оңтүстік, Вольный және Қызыл кенттерінің негізінде жаңа Абай қаласы құрылды.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімшілік-аумақтық құрылымдағы өзгерістер туралы» 1997 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен Абай қаласы мен Мичурин ауданының қосылуы негізінде Абай ауданы құрылды. Абай ауданының орталығы Абай қаласы болды.


Последнее редактирование информации: 17 Апреля 2017 09:42
Опрос
Карагандинская область, г.Абай ул. Абая, 32
Телефон для справки
8 (72131) 4 28 23, 4 90 88
Электронная почта
info@sabaimak.kz
© 2021 Информационный ресурc Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области ?>
© 2021 Разработка и поддержка сайта: Интернет-компания «Creatida»