Сегодня: 2024
Для слабовидящих
USD 488.91
EUR 532.62
RUB 5.00

Музей туралы ақпарат


Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы 1980 жылдың мамырында Абай қалалық атқару комитетінің мәдениет бөлімінің бастамасымен қоғамдық негізде ашылды.

1980 жылдың 30 қазанындағы Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филалы болып қайта құрылды.1993 жылы Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы Абай қаласының бюджетіне берілді.

11997-2008 жылдар аралығында мұражай Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басқаруында болды. Қарағанды облысы әкімінің 2008 жылдың 9 қыркүйегіндегі «Мемлекеттік мәдениет және өнер ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» №25/10 қаулысына сәйкес Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы Қарағанды облысының мәдениет басқармасының басқаруына берілді.

 

«Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы» КМҚК 8 штаттық бірлік бар.Мекеменің жалпы аумағы 189,1 шаршы метр.Мұражайдың материалдық-техникалық базасы толығымен жарақтандырылған.

2010 жылы жол картасы бағдарламасы аясында 13 млн 700 мың теңгеге толық жөндеу жұмыстары жүргізілді.
 

Мұражай 5 экспозициялық залдан тұрады:

1.     Абай Құнанбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі;

2.     Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы;

3.     Абай және қазіргі кезең;

4.     «Шерубай-Нұра – Абай қаласы тарихының бастауы»

5.     Абай қаласы Тәуелсіз Қазақстанның бір бөлшегі.

Жарғысы


Последнее редактирование информации: 17 Февраля 2024 14:09
Опрос
Карагандинская область, г.Абай ул. Абая, 32
Телефон для справки
8 (72131) 4 28 23, 4 90 88
Электронная почта
info@sabaimak.kz
© 2021 Информационный ресурc Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области ?>
© 2021 Разработка и поддержка сайта: Интернет-компания «Creatida»