Сегодня: 2024
Для слабовидящих
USD 448.15
EUR 483.46
RUB 4.86

Жаңалықтар

08.12.2021
Бауыржан Момышұлы-адам, жауынгер, жазушы

8 желтоқсанда Бауыржан Момышұлының ұрпағы Бекет Момынқұлмен ZOOM-конференция өтті. Іс-шараны Абай Құнанбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы Топар кентінің Б.Момышұлы атындағы мектебімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған Теміртау және Сәтбаев қалаларының білім беру нысандары да қатысты. Кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Мәскеу үшін болған шайқастың 80 жылдығына арналды.

Кездесуді ашқан Б.Момышұлы атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Топар Владимирова Александра Игоревна біздің облыста Кеңес Одағының Батыры Б. Момышұлының есімімен аталатын білім беру ұйымдарының альянсы құрылғанын атап өтті.

Мұражай қызметкерлері батырға арналған презентацияны ұсынып, Б.Момышұлының әскери дарыны айқын көрінген Мәскеу үшін болған шайқас туралы айтып берді. Содан кейін Бекет Момынқұл өзі туралы, Бауыржан Момышұлы туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Айта кету керек, Бекет аға Жамбыл облысындағы Бауыржан Момышұлының мұражайына барып қайтты.



Вернуться назад

Опрос
Ваша оценка работы музея Абая Кунанбаева
Карагандинская область, г.Абай ул. Абая, 32
Телефон для справки
8 (72131) 4 28 23, 4 90 88
Электронная почта
info@sabaimak.kz
© 2021 Информационный ресурc Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области ?>
© 2021 Разработка и поддержка сайта: Интернет-компания «Creatida»