Сегодня: 2024
Для слабовидящих
USD 449.58
EUR 486.94
RUB 4.86

Жаңалықтар

20.01.2022
19 қаңтарда танымал ақын, суретші және аудармашы Кристина Зейтунян-Белоуспен онлайн кездесу өтті.

Іс-шараны Абай Құнанбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы және Қарағанды қаласының Француз Альянсы ұйымдастырды. Іс-шара Ұлы Абайдың шығармашылығына арналды. Парижде тұратын Кристина да Абай Құнанбаевтың өлеңдерін француз тіліне аударған. Кристинаның есебінде 60-тан астам кітаптың орыс тілінен француз тіліне аудармасы бар.

Онлайн-кездесуге Топар кентінің мектеп оқушылары, Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері, "Жас өлкетанушы"үйірмесінің мүшелері қатысты. Іс-шараның мақсатын айтып, мұражай қызметкерлері слайд арқылы Абай Құнанбаевтың әдеби-мемориалдық музейінің залдарын көрсетіп, барлығын қонаққа шақырды. Содан кейін Кристина Зейтунян-Белоуспен әңгіме болды. Ол өзінің шығармашылық жолы туралы айтып, Абайдың француз тіліндегі бірегей кітаптарын, өлеңдер жинағын, қазіргі қазақстандық ақындардың француз тіліндегі өлеңдер жинағын көрсетті.



Вернуться назад

Опрос
Ваша оценка работы музея Абая Кунанбаева
Карагандинская область, г.Абай ул. Абая, 32
Телефон для справки
8 (72131) 4 28 23, 4 90 88
Электронная почта
info@sabaimak.kz
© 2021 Информационный ресурc Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области ?>
© 2021 Разработка и поддержка сайта: Интернет-компания «Creatida»